KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Палуандар қоржынында - үш медаль

7.05.2012, 18:00 117


Семейде өткен қазақ күресінде қазақстандық палуандар 3 медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Додада жалпы Қазақстан, Ресей, Германия, Монғолия, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстан елдерінен 200 спортшы қатысып, олардың 14-і Астана қаласының намысын қорғады.

«90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үшінші орынды Асхат Күсепов иеленіп, сәйкесінше екінші және бірінші орын алған Германиядан келген палуан мен өз отандасы Айбек Нұғмановты алға жіберіп алды», - делінген баспасөз хабарламасында.

74 келі салмақта астаналықтар алтынға қол жеткізді. Ерлан Естек турнирде жеңіске жетіп, өз дәрежесін дәлелдеді.

Бүгінде спортшылар құрлықтық жарысқа іріктеу жүргізілетін Қазақстан чемпионатына дайындық үстінде.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив