KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

RADIO ALTAY жаңалықтары - 04 мамыр 2012 жыл

3.05.2012, 18:00 194


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Шығысқазақстандықтар «Достықтың жол картасы» атты тағы бір жаңа акцияның бастамашысы болды. Достық керуені Шығыс Қазақстаннан Павлодар облысына аттанды. Акция аясында баспасөз мәслихаттарын, көрмелер, концерттер мен «дөңгелек үстелдер» өткізу жоспарланған.

Семейдегі белгілі кәсіпкер «Приречное» агрофирмасының басшысы Мұхит Тұмабаев туған ауданына тағы бір жақсылығын жасап, жерлестерінің алғысына бөленді. Ол биыл Үржар ауданының мектептеріне 100 тонна тұқымдық картопты тегін бөлгізді.

Өскемендегі "Аққу Үміт" балалар би ансамблі Түркияда өткен халықаралық байқауда «Көрермендер көзайымы» аталымы бойынша бірінші орын алып, жүлдемен оралды. Ұжымның репертуарында 20 шақты би бар. «Үміт» балалар үйінің шығармашылық ұжымы бұл байқауға осымен екінші рет қатысып отыр.

Өскеменде «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасын өлтіргендерге сот үкімі шықты. 29 жастағы Константин Колесник мүлкін тәркілеумен бірге 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Тапсырыс бойынша кісі өлтірудің тағы бір қатысушысы Анатолий Метелев мүлкін тәркілеумен бірге 15 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілді.

Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұжымы жылжымалы мәдени шаралар ұйымдастыру арқылы Өскемен қаласы тұрғындарының мәдени демалыстарын үйлестіру мақсатында «Мәдени сенбілікке» шықты. Олар «Жастар» саябағында балаларға арналған мерекелік іс-шара өткізді. Балалар өздерінің жақсы көріп оқитын ертегі кейіпкерлерімен кездесті.

Зайсан қаласында ауданнан шыққан алғашқы кәсіпкер, марқұм Сағынтай Спанбетовтың алпыс жылдығына орай еске алу шарасы өткізілді. Жаңадан ашылған аллеяға оның есімі берілді. Марқұмға арналып ас беріліп, қатым түсірілді.


Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Ұлан ауданы Асубұлақ кенітіндегі лицей ауылдық жерлерге тапшы мамандарды даярлаумен айналысып келеді. Қазіргі уақытта болашақ дәнекерлеушілер, электршілер, жүргізушілер, сылақшылар шеберліктің түрлі құпияларына қанығып жатыр. Сондай-ақ тағы 20 электрші мен электр құрылғыларын жөндеуші маманды оқытуға тапсырыс түсіп отыр.

Былтыр Тарбағатай ауданы тұрғындарының қолдауымен «Менің бабам – Қаракерей Қабанбай» атты қоғамдық қор құрылған болатын. Нәтижесінде Боғас ауылында ескерткіш орнату жұмыстары басталып, тағаны орнатылды. Ескерткіштің тұғыры – 10 метр, батырдың ат үстінде найза ұстап тұрған мүсіні 5 метр болмақ. Ескерткіш Қытайда жасалуда.

Күршім аудандық Мәдениет үйінде Арайлы Дөненбаеваның ән кеші өтті. Аталған кеш Арайлының шығармашылық өнеріне серпіліс беріп, көрермендер жақсы қарсы алды.

Семей қалалық «Нұр Отан» халықтық демократиялық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен, «Ардагерлерімізді ардақтайық» акциясы өткізілуде. Аталмыш шара аясында Семейдің белсенді студент жастары қарттар мен мүгедектер үйлерінің маңайына тазарту жұмыстарын жүргізіп, әктеп, қалыпқа келтірді.

Өскемендегі Металлургтердің мәдениет сарайында «Студент көктемі - 2012» фестивалі аяқталды. Қазылар алқасының шешімімен өнер бәсекесінде Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеттің студенттері байқаудың бас жүлдесін иеленді.

Өскеменде «Әділ» акционерлік қоғамының аумағында лимонад шығаратын цех өртенді. Өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне хабар келіп түскен соң, оқиға орнына 10 автоцистерна жөнелтілді. Минералды су мен сусындарды шығаратын цехта тасымалдаушы таспа, электр жабдықтары және техникалық спирт жанып кеткені анықталды.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив