KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Көне түркілер де пирамида салыпты

26.04.2012, 18:00 175


Арғы ата-бабаларымыз – көне түркілер мысырлықтардан бұрын-ақ пирамида салған екен. Сенсеңіздер де, сенбесеңіздер де – осы.

Ғаламторда желісінде «түркі пирамидалары» туралы ақпарат көптеп кездеседі. Өткен ғасырдың қырқыншы жылдары Батыс Қытайда ірілі-ұсақты жүздеген пирамида, сонымен қатар биіктігі 300 метр болатын алып пирамида табылған-ды. Еуропалық ғалымдардың пайымынша, Қытайдың Кин-Линь-Сян тауларындағы мысырлық пирамидалардан әлдеқайда үлкен және жүздеген жыл бұрын тұрғызылған осы бір пирамидаларды түркілер жасаған. Оларға түркінің руникалық жазулары да қашалған көрінеді.
Аустриялық археолог Хартвиг Хаусдорфтың ойынша, пирамидалардың тұрғызылған уақыты кем дегенде біздің дәуірімізге дейінгі 2500 жылдарға сәйкес келеді. Қазір ғалымдар олардағы жазуларды оқуға талпынып отыр, бір анығы – жазулар түркі тілінде. Ендеше, алып құрылысты байырғы түркі мемлекеттерінің бірі тұрғызған.
Өзге жұрттың білгіштері қашан ол жазудың құпиясын табады деп күтіп отырмай, мүмкін болғанша, өз өткенімізді өзіміз зерттегеніміз жөн сияқты.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив