KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Өскеменде бір тәуліктің ішінде 7 саяжай өртенді

25.04.2012, 18:00 141


«Восточник-5» саяжай бірлестігінде 1 гектар алқаптағы құрғақ шөп жанып, от жақын маңда орналасқан 7 саяжай учаскесін жалмады, деп хабарлады ТЖД.

Анықталғандай, саяжайда тұратын 63 жастағы мүгедек өзінің учаскесінде қоқыс пен шөпті өртеген кезде өрт абайсызда көршінің учаскесіне көшіп кеткен. Өрт сөндірушілер жалынды екі сағат бойы сөндірді.

«Қалалық ТЖД басқармасының тергеу қызметкері Дмитрий Александровтың сөзіне қарағанда, саяжай учаскелері бірнеше жыл бұрын қараусыз қалдырылған, оның аумағы қурап қалған. Лапылдаған жалын бір мезетте көрші учаскелерге көшті. Нәтижесінде бірден 7 саяжай учаскесі жанып кетті».

Атап өтейік, өңірде қар ери бастағаннан бері қалыпты көктемгі жауын-шашын әзірге болмай тұр.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив