KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 3,1 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Оққағар өзін Майкл Джексонның ұлының әкесімін деп сендіруде

24.04.2012, 18:00 239


Майкл Джексонның бұрынғы оққағары, 31 жасар Мэтт Фиддс Майкл Джексон II – көпшілікке Бланкет есімімен танымал поп-корольдің ұлына әкелік құқығын сот арқылы дәлелдеуге ниетті.

Рopcornnews.ru хабарлағандай, өз сөзін дәлелдеу үшін Фиддс ДНК тестін жүргізуге де дайын. Оның айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын әнші оған донор болуды ұсынып, сол қызметі үшін 300 мың фунт (480 мың доллардан астам) төлейтіндігін айтқан. Алайда Мэтт ақшадан бастартыпты.

Фиддстің сендіруінше, «Бланкет кімнің ұлы?» деген оның сұрағына Джексон: «Ол менің ұлым, бірақ сенің ұрығыңды пайдаландым», - деп жауап берген екен.

31 жасар оққағардың пікірінше, Ханзада Майкл Джексон II өзінің биологиялық әкесіне, яғни өзіне қатты ұқсайтын көрінеді.

«Менің бар тілегім, Бланкеттің менің ұлым екендігінің расталуы. Мен онымен белгілі бір уақыттарда бірге болғым келеді. Менің анам ісік ауруынан хәл үстінде жатыр. Мен анам о дүниеге аттанбас бұрын немересін көріп қалса екен деп армандаймын», -деп мәлім етті ол.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив