KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2,6 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Майкл Джексонның сыңар қолғабы 200 мың долларға сатылды

20.12.2012, 18:00 193


Майкл Джексонның 1984 жылы American Music Awards музыкалық сыйлығын тапсыру рәсіміне киген Сваровски кристаллдарымен безендірілген саусақты қолғабы Лос-Анджелесте өткен аукционда 199,069 мың долларға сатылды. Бұл туралы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Екінші пары жоқ перчатканы Джексон ең танымал альбом Thriller үшін марапттау кезінде киіп шықты.

Джексоннан саусақты қолғаптың екінші сыңары неліктен жоқтығын сұрағанда ол: «бір перчатка екеуден жақсы», - деп жауап берген болатын.

Қайырымдылық шаралардың бірінде Майкл Джексон қолғапты айықпас дертке шалдыққан балалардың біріне сыйлаған болатын. Оның Nate D. Sanders аукцион үйіне қалай түскендігі айтылмай отыр, сондай-ақ аукциондық үй лотты сатып алушының есімін де жарияламауда.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив