KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями Штиль
476.27 515.47 5.41

АҚШ, Ranker сауалнамасы: "Дәуірдің Ұлы әншілері". Димаш 6-орында келе жатыр

16.01.2019, 11:17 225

АҚШ-тағы танымал интернет алаңдарының бірі Ranker «Дәуірдің Ұлы әншілері» (The Best Singers of All Time) дауыс жинау сайысын жариялады. Әзірге рейтингті Фредди Меркьюри, Майкл Джексон, Уитни Хьюстон, Элвис Пресли мен Фрэнк Синатра бестігі бастап тұр. Димаш 6-орында, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


. «Бұл тізім әлемнің ең ғажайып музыканттарын қамтиды. Бүкіл дәуірдегі ең үздік әнші ретінде кімді нұсқар едіңіз? Ұнаған әншіңізге дауыс беріңіз», - делінген сауалнама жазбасында.


Ranker уақытты талғамай әлемнің ең үздік әншісін таңдауды көздеп отыр.  Сол себепті рейтингке қазіргі танымал әншілермен бірге өмірден озып кеткен орындаушыларды да енгізген. Аталмыш интернет алаңда бұл сауалнама жыл сайын өткізілетін көрінеді.


Айта кетейік, Орталығы Америка Құрама Штаттарының Лос-Анджелес қаласында орналасқан әлемнің ірі цифрлы медиа-компанияларының бірі «Ranker» интернет-алаңына ай сайын 49 миллионға тарта адам кіреді. Сайтта осыған ұқсас рейтингтермен бірге, спорт, сауда маркалары мен мәдениет саласында да жыл сайын сауалнама жүргізіледі.


 


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив