KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2,6 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Майкл Джордан қытайлық спорт тауарларын өндірушіні сотқа берді

24.02.2012, 18:00 167


Әлемдік баскетбол тарихында аңызға айналған Майкл Джордан Қытайдағы спорт киімдері мен аяқ киім өндіретін ең ірі компаниялардың біріне қарсы сот талап арызын тастады.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, ол «Цяодань спортс» (Qiaodan Sports) компаниясын өз атын рұқсатсыз пайдаланғаны үшін айыптауда.


Бұрынғы баскетболшы аталған фирма Джорданның қытайлық атын (ол иероглифтермен «Цяодань» деп жазылған) сауда маркасы ретінде пайдаланды деп шағымданып отыр. Сонымен қатар, компания өнімдерді өткізу үшін Майкл Джордан «Чикаго буллзде» өнер көрсеткен әйгілі «23» нөмірді айтпағанда, тіпті оның балаларының атын да пайдаланған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.



Спортшы ақша үшін емес, принцип үшін соттасып жатқанын мәлімдеді. Егер ол істе жеңіп шықса, өтемақы ретінде алынған ақшаны Қытайдағы баскетболды дамытуға бермек.

«Цяодань спортстың» Қытайда 5,3 мыңнан астам дүкені бар.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив