KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2,6 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Теректіліктер тер төгіп жүр

21.04.2012, 18:00 155



Тазалық айлығына байланысты ауданымыздағы Теректі ауылдық округінде жоспарларған іс-шаралар басталып кетті.

Қ.Аухадиев атындағы орта мектеп ұжымы білім ошағының және тұрғындар үйлерінің аулаларын тазартты. Ал ауыл тұрғыны Серікболсын Қаратаев көріктендіру жұмысын өзі тұратын Мәметек көшесіне құмтас төсеуден бастады. Оны ауыл жұртшылығы ұйымшылдықпен жаймалап, тегістеді. Осындай игілікті істің бастамашысы болған азаматқа тұрғындар ризашылықтарын білдірді.

Теректілік Серікболсын Қаратаевтың еңбекқорлығынан жастардың алатын өнегесі мол екені түсінікті. Бұл құр сөз емес, нақты істің нәтижесі деуге лайық.

Мәлімет көзі Altaynews



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив