KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Мектеп ауласына Төгісовтің тас мүсіні орнатылды

10.10.2013, 18:00 187


Қабанбай ауылдық округінде «Туған жерге - тағзым» акциясы аясында К.Төгісов атындағы орта мектеп ғимаратының алдына құны 1,5 млн. теңгені құрайтын әдемі ескерткіш орнатылды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталған білім ошағының 40 жылдық мерейтойына орай қойылған бұл ескерткіш –ұлт зиялыларының бірі, халық ағарту ісінің көрнекті өкілі Көлбай Төгісовтің тас мүсіні. Осындай игілікті іске Қабанбай ауылының тумасы Т.Рахыпбеков демеушілік көрсетіпті.

Мүсіннің ашылу салтанатына аудан әкімі Д.Оразбаев, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Түсіпбеков қатысты.

Мерекелік шара барысында мектептің тарихымен танысу шарасы және конференция ұйымдастырылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив