KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 4 м/с, З
439.43 473.31 4.82

Көшеге ұстаздың есімі берілді

20.04.2012, 18:00 210



Күршім ауылындағы Черкасов көшесіне Ұлы Отан соғысының ардагері, Күршім ауданының Құрметті азаматы, ауданның, облыстың білім саласына ерен еңбек сіңірген қайраткер Мұхаметқалым Шаяхметовтың есімін беру құрметіне арналған салтанатты жиын өтті.

Көше тұрѓындарымен бірге аудан орталығындағы еңбек ұжымдарының өкілдері, Күршім мектеп-гимназиясының ұстаздары мен оқушылары қатысқан айтулы жиынға марқұм М.Шаяхметовтың туған-туысқандары қатысты.

Алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары М.Қалелов ұлағатты ұстаз болып, ауданның ағарту саласының дамуына зор үлес қосқан Мұхаметқалым Шаяхметұлының қандай құрметке де лайықты жан екендігін алға тартты.

Күршім ауылдық округінің әкімі Е.Тоқаев сөз сөйлеп, көше атауының ресми өзгертілуі туралы шешімді салтанатты түрде Құмарбек Мұхаметқалымұлына табыстады.
Аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы әрі осы көшенің тұрғыны Е.Ақтекенов құттықтау лебізін білдірді.

Көшенің жаңа атауы жазылған тақтайшаны ашу құрметіне зейнеткер ұстаз Ә.Нұрғазин, көше тұрғыны В.Шумахер, аудан әкімінің орынбасары М.Қалелов және Құмарбек Мұхаметқалымұлы ие болды.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив