KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 3,1 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

70 ЖАСТАҒЫ ЗЕЙНЕТКЕР ЖЫЛҚЫ ҰРЛАП ҰСТАЛДЫ

19.04.2012, 18:00 134



Үржар аудандық ішкі істер бөліміне осы өңірдің 1955 жылғы тұрғыны шағымданды. Жұмыссыз жүрген жанды жергілікті полиция қызметкерлеріне жүгінуге мәжбүрлеген жылқысының жоғалып кетуі екен.

Жылқысының құнын 350 мың теңгеге бағалаған жәбірленушінің арызы бойынша жедел қимылдаған арнайы топ сол ауылдың тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Қолға түскен 70 жастағы зейнеткер ақсақал тергеу барысында жәбірленушінің қорасында тұрған жылқыны түн қараңғысын пайдаланып қолды қылғанын мойындады.

Қазіргі уақытта үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175 бабы, 2-тармағының «В»-тармақшасы бойынша, яғни ұрлық істеді деп айып тағылған күдікті, кез-келген уақыттағы ІІБ-нің шақыртуына келуге міндеттеме алып, уақытша босатылды.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив