KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
443.44 480.51 4.88

КЕНЕ ЭНЦЕФАЛИТІНЕН САҚТАНЫҢЫЗ!

19.04.2012, 18:00 114



Көктем шыға кене көбейеді. Ол пәленің шағуы аса қауіпті дейді. сол жайында толығырақ айтып берсеңіздер...

Сұраққа эпидемиолог дәрігер жауап береді

Кене энцефалитінің вирусын кенелер тасымалдайды. Вирус кене шаққан кезде және тамақ арқылы – кене шаққан үй жануарларының шикі сүтін пайдаланғанда жұғады.

Әдетте адамдар кене тек қана көктем кезінде және қалың орман арасында болады деп ойлайды. Көп ретте кенелер биік дымқыл шөп басқан жерде, батпақты және қайыңды орманда болады. Алайда кенелер барлық жерде үй ауласында және қала парктерінде кездеседі. Сондықтан орманға не паркке серуенге шығар алдында өте мұқият болған жөн.

Кенелер көбінесе сырттан келген киімге, шоқ гүлдермен, шөппен бірге және жануарлардың үстіне ілесіп үйге кіреді. Кенелер адамның мойнына, қолтық астына, шаптың маңайына жабысады.


Шығыс Қазақстан облысының тарихында кене энцефалиті тіркелген эндемикалық аумақтар: Глубокое, Зырян, Катон-Қарағай, Ұлан, Шемонаиха аудандары және Риддер, Өскемен қалаларының шет аумақтары.

Инкубациялық кезең (кене шаққаннан аурудың алғашқы белгілеріне дейін) орта есеппен 7-14 күн, не бір тәуліктен 30 күнге дейін болады. Инкубациялық кезеңнің құбылмалы болуы кененің шағуына байланысты, денеге терең кірген сайын вирус ағзаға көбірек таралады. Аурудың белгілері кенеттен басталады, дене қызуы 39-40 гр. дейін көтеріледі, бас ауырады, жүрегі айнып, құсады, беті қызарып, кеуденің дененің үстінгі бөлігі қызарады, бұлшық ет ауырсынады, кейде есінен танады, аяқ-қолы тартылады. Сал ауруының белгілері білініп, бұлшық еттерінің семуі де кездеседі. Аурудан кейін қайта қалпына келу көп жылдарды қажет етеді.

Егер сізді кене шағып алса, ең алдымен жабысқан кенені денеден алу керек:
-қандай жағдайда болмасын кенені сығуға болмайды, өйткені энцефалит вирусы және басқа да патогенді мүшелер кененің ішкі құрылысында болады.
- кенені жұлып алуға болмайды, вирус оның сілекей бездерінде, яғни бас жағында болғандықтан кенені жұлып алғанда басы шаққан жерінде қалып қояды.

Кенені тіспен жұлуға болмайды, вирус сілекей арқылы адам ағзасына өтуі мүмкін.
- кенені басына жақын жерде жіппен қоршап, ақырын қимылдатып, жіпті кенеге жақындатып байлап, кенені денеден алу керек.
- кейін қолды жуып, шаққан жерді йодпен не спиртпен жуу керек. Ол болмаған жағдайда сумен жууға болады.
-емдеу, алдын алу мекемесіне тез арада қаралу керек.

Өскемен қаласында серопрофилактика пункттері: «Аралас типті № 2 кеңес беру поликлиникасы» (Буров к. 61), «Амбулаториялық орталық» ЖШС (Абай д. 18), «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМҚК (Өтепов к. 37)

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив