KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3,5 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Кореялықтармен әріптестік арта түспек

18.04.2012, 18:00 215


-Семей қаласына Оңтүстік Корея елінен арнайы делегация келді. Аталмыш мемлекеттің Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасы соңғы жылдары жоғары деңгейге көтерілгені белгілі. Бұл жолғы өкілдер қаладағы денсаулық сақтау саласы мәселелерімен танысып, онкологиялық сырқаттар диагностикасын дамыта түсуде әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүдделілік танытып келді,-деп хабарлайды Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметінің деректеріне сүйенген Алтайньюс тілшісі.

Оңтүстіккореялық Кангвон провинциясынан келген жедел медициналық көмек ауруханасының дәрігері, профессор Ан Му Еоб, Вонджу қаласындағы медициналық жарақтандыру маркетингі мекемесінің кадр бөлімінің бастығы Ан Хонг Хи, «МТМ» фирмасы президентінің орынбасары Им Кёнг Бин сынды мәртебелі меймандарды қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева қабылдады.

Зәуреш. Рамазанқызы қаламызға алғаш табан тіреген қонақтарға шаһар жайлы қысқаша мағлұмат беріп өтті. Бүгінде әлеуметтік-экономикалық ахуалы жыл санап жақсарып келе жатқан Семейдегі өндіріс орындарының ілгерілеуіне кореялықтардың да қосып отырған үлесі зор екенін айтып өтті. Әсіресе, осы мемлекеттің «Daewo Bas» компаниясының брендтік өнімі ретінде Семейден шығарылатын автокөлік түрлерінің өндірісі ерекше маңызға ие болып тұр. Сондай-ақ күнгей Корея қаладағы онкологиялық диспансерге де елеулі түрде жәрдем жасап келеді.

Бұл шаралар өз кезегінде Семей полигоны зардабын шегіп келе жатқан өңір тұрғындарының денсаулығын жақсартуда елеулі септігін тигізуде
Кездесу соңында қонақтар сөз алып, ыстық ықыласпен қарсы алған қалалық әкімдік қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.


Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив