KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Семейде көпбалалы аналарға алтын және күміс алқалар табысталды

20.12.2012, 18:00 126


Семейде көпбалалы аналарға алтын және күміс алқалар табысталып, құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қаласы әкімінің баспасөз қызсетіне сілтеме жасап.

Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева мен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов он бір анаға алтын және күміс алқасын тағып, өз құттықтауларын жеткізді.

Жоғары құрметке ие болған аналар бұдан былай қоғамдық көлікте тегін жүретін болды. Олардың зейнетақысына қосымша қаржы қосылады. Бұл да мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға көрсетілген көмек. Аналарға құрмет көрсету, олардың еселі еңбектерін бағалау Елбасы Жарлығына сәйкес жүзеге асып отыр.

-Біз аз ұлт болғанымызбен, мықты, қайсар халықпыз. Мықтылықтың арқасында осы Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сіздерден өрген ұл мен қыздың арқасында біз халық болып отырмыз. Қай заманда болмасын ұлға қоныс, қызға өріс таптыңыздар. Міне, енді осының арқасында атақ алып, дәрежелеріңіз биіктеп отыр, - деп атап өтті өз құттықтау сөзінде Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Рамазанқызы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив