KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Семейде жұмысшыларға жеңілдіктер беру жолдары талқыланды

4.03.2013, 18:00 153


Семейде қала әкімінің орынбасары З. Исабаеваның төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сүйеніп.

Күн тәртібіне сәйкес «Қаланың денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыс берушілерімен жұмысшыларға жеңілдіктер жасау, әлеуметтік – экономикалық құқықтары мен мүдделері жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілерін сақталуы туралы» ШҚО бойынша денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы облыстық комитеті төрағасының Семей өңірі бойынша орынбасары Сайфутдинова Альфия Рафаэлқызының және «Қала кәсіпорындары мен ұйымдарында әлеуметтік әріптестік және ұжымдық келісім шарттарының орындалуы туралы» Шығыс Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің Семей қаласы аймағының еңбек заңнамасын бақылау басқармасының бастығы Әділжан Әзімжанұлының ақпараты тыңдалды.

Қатысушылар қарастырылған мәселер бойынша пікір алмасты.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив