KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 3 м/с, З
442.05 474.14 4.74

Аудандық медицина бірлестігінде өткен семинар

17.04.2012, 18:00 189


2012жылы 29-шы наурызда ҚР Үкіметінің № 366 қаулысымен бекітілген, 2012-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында Бесқарағай орталық аудандық емханасына Семей қаласының «Семей өңірлік онкологиялық орталығынан» 6 онколог–дәрігер мамандары келіп өз тәжірибелерімен бөлісті.

Онкологиялық орталықтың дәрігер мамандары Бесқарағай ауданының онкологиялық орталықта есепте тұрған тұрғындарын қабылдады. Қабылдаудан 98 адам өтті. Сондай-ақ дәрігер мамандар Бесқарағай аудандық медицина бірлестігінің қызметкерлерімен «Онкологиялық патологиядағы науқастардың диагностикасы, ауруды ерте кезенде анықтау скринингін ұйымдастыру және өткізу» бойынша тәжірибе алмасу мастер – класын өткізді.

Семинарда онкологиялық орталық директорының әдістемелік ұйымдастыру жұмысы бойынша орынбасары Н.К.Жұмықбаева бастаған білікті мамандар семинарға қатысушыларға онкологиялық аурулардың түрлері, олардың алдын алудың тиімді жолдарын атап өтті. Семинар барысында Онкологиялық орталықтың меңгерушісі, дәрігер маммолог Ә.Ы.Абылченова «Сүт безінің обырын ерте анықтау» жайында баяндаса,онко-эндокринолог,медицина ғылымының кандидаты Б.Ж.Атантаева «Қалқанша без обырының алдын алу және ерте кезеңнен анықтау» тақырыбында сөз сөйледі.

Онко хирург М.Ю.Садыков «Өкпе обырының алдын алу» тақырыбында, Семей медициналық университетінің онкологиялық кафедрасының асистенті дәрігер резидент М.М.Азиятовна «Асқазан обырының алдын алу» бойынша баяндады.

Мамандардың айтуынша, қатерлі ісіктің алдын алу шараларын дұрыс ұйымдастыру арқылы обыр ауруының 40 пайызының алдын алуға болады екен. Ол үшін кез келген адам салауатты өмір салтын ұстанып, шылымнан бас тартып, дер уақытында вакцина салдырып, дұрыс тамақтануы шарт. Бұл дерттің негізгі себептерінің басында - темекі тарту тұр. Шылым шегушілердің жасарып бара жатқаны да балалар арасында қатерлі ісік ауруларының кең таралуына ықпал етуде.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары, егер жағдай осылай кете берсе, 2015 жылға қарай әлем тек обыр ауруынан 100 миллионға жуық адамнан айырылады деп болжам жасапты.

Мамандар халық өз денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарап, жылына бір рет тексеруден өтіп тұрса, қатерлі ісікке шалдыққандардың саны біршама төмендер еді дейді.


Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив