KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2,6 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Онколог мамандар тәжірибелерімен бөлісті

22.04.2012, 18:00 152



Жақында Бесқарағай аудандық орталық емханасына Семей өңірлік онкологиялық орталығынан алты онколог-дәрігер келіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Олар сапар барысында ауданның 98 тұрғынын қабылдап, тексерді және аудандық медицина бірлестігінің қыз-меткерлерімен «Онкологиялық пато-логиядағы науқастардың диагностикасы, ауруды ерте кезеңде анықтау скринингін ұйымдастыру және өткізу» атты тақырыпта мастер-класс өткізді.

Ал аудан тұрғындарына әдістемелік көмек көрсету, арнайы медицинаны ауыл халқына жақындату мақсатында өткізілген семинарда онкологиялық орталық директорының орынбасары Н.Жұмықбаева бастаған білікті мамандар аурудың алдын алудың тиімді жолдарын атап өтті.

– Қазір Семей өңіріне қарасты аудандардың ішінде обыр ауруының көрсеткіші бойынша осы аудан алдыңғы орында тұр. Аудан тұрғындарының арасында өкпе, бүйрек, бауыр обыры жиі кездесетіні белгілі болды, – дейді Н.Жұмықбаева.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив