KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Ғарыш әлемі

11.04.2012, 18:00 158



Ұлан ауданы Азовое ауылдық округінде Ғарышкер күні құрметіне «Ғарыш әлемі» байқауы өтті. Байқауға бастауыш сынып оқушылары қатысты.

Клуб меңгерушісі С. Бережнова байқаудың алдында балаларға ғарышты игерудің тарихын, қазақстандық ғалымдары мен ғарышкерлердің жетістіктері туралы айтып берді.

Байқау «Шарды үрле», «Ғарышкер», «Ғарыш сөздігі», «Салмақсыздық», «Мозайка» атты 5 сайыс бойынша өтті. Бірінші сайыста шарларды тез үрлеп, жіптерін байлап, аспанға ұшыру қажет болды. Екінші сайыста алфавиттің араластырған әріптерден «ғарышкер» сөзін құру керек еді. Ғарышқа ұшу тақырыбы бойынша сөздерді білуін балалар үшінші сайыста көрсетті. «Салмақсыздық» сайысында оқушылар шеңбермен жаттығуларды орындап, «Жер планетасынан» «басқа планеталарға» тез жету керек болды. Соңғы сайыста балалар «Космонавтика» сөзінен басқа сөздер құрастырды, ең көп сөз құрастырған команда жеңді.

Байқаудың қорытындылары жанкүйерлердің дауыс беру арқылы есептелді, әділ жеңіске «Марс» атты команда ие болды. Барлық қатысушылар сувенирлерге ие болып, риза болды.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив