KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан голландиялық «NSS-14» жер серігі ұшырылды

14.02.2012, 18:00 286


Бүгін Астан уақытымен түнгі сағат 1-ден 36 минут кеткенде «Байқоңыр» ғарыш айлағының 200-інші ұшыру кешенінен «Бриз-М» үдеткіш болгы (ҮБ) мен «NSS-14» коммунакациялық ғарыш аппараты (КА) бар «Протон-М» ғарыштық мақсаттағы ракетасы ұшырылды.

Ресейдің ғарыш агентігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ұшудың циклограммасына сәйкес, ұшырылудан 10 минуттан кейін құрамында «Бриз-М» ҮБ және «NSS-14» КА бар басты блок ракета-тасымалдағыштың үшінші сатысынан штаттық түрде ажырады. Одан кейін ҮБ ғарыш аппаратын нысаналы орбитаға шығаруды жалғастырды.

Ғарыш аппараты зымыран тасымалдағыштан бүгін, Астана уақытымен сағат 10.48-де ажыратылады.

Естеріңізге сала кетейік, «Бриз-М» үдету болгы дәне «NSS-14» байланыс спутнигі бар «Протон-М» зымыран-тасымалдағышын ұшыру бастапқыда 2011 жылғы желтоқсанның соңына жоспарланған болатын, бірақ техникалық себептерге байланысты бірнеше рет кейінгі қалдырылды.

Спутникті «Нью Скайс Саттелайтис» (Нидерланды) компаниясының тапсыры бойынша АҚШ-тың «Space Systems/Loral» компаниясы дайындады. Оның орбитада жұмыс істеуі 15 жылға есептелген. Ғарыш аппаратының салмағы 5,8 тоннаны құрайды, онда С-диапозонды 52 транспондер және Кu-диапазонды 72 транспондер орнатылған.

«NSS-14» теллекоммуникациялық ғарыш айлағы Шығыс Еуропа, Батыс Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка аумағында қызмет көрсету үшін арналған.

ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив