KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

1 мамырдан бастап телефон байланысы қызметтерінің бағасы көтеріледі

19.04.2012, 18:00 206


Биылғы 1 мамырдан бастап әмбебеп қызметке жаңа тарифтер енгізіледі. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
.
2012 жылғы 1 мамырдан бастап жергілікті телефон байланыс қызметтері төлемін уақытпен есептеу жүйесіне көшірілген/көшірілмеген негізгі бір телефон аппараты үшін ай сайынғы абоненттік төлем көтеріледі: қалалық және ауылдық жерлерде тұратын абоненттер үшін 20%-ға.

Айталық, жергілікті телефон байланыстары қызметтері төлемін уақытпен есептеу жүйесіне көшірілмеген негізгі телефон үшін ай сайынғы абоненттік төлем қалада - 624,00 теңгеден (ҚҚС-сыз) 748,80 теңгеге (ҚҚС-сыз) дейін, ауылда - 414,30 теңгеден (ҚҚС-сыз) 497,16 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) жоғарылайтын болады. Қалада жергілікті телефон байланыстары қызметтері төлемін уақытпен есептеу жүйесіне көшірілген негізгі телефон үшін ай сайынғы абоненттік төлем 309,40 теңгеден (ҚҚС-сыз) 371,28 теңгеге (ҚҚС-сыз) дейін көтеріледі; жекеменшік тәжірибемен айналысатын нотариустар, адвокаттар және жеке кәсіпкерлер - абоненттері үшін де 20%-ға өседі.

Мәселен, жергілікті телефон байланысы қызметтері төлемін уақытпен есептеу жүйесіне көшірілмеген негізгі телефон үшін ай сайынғы абоненттік төлем 746,61 теңгеден (ҚҚС-сыз) 895,93 теңгеге (ҚҚС-сыз) дейін, жергілікті телефон байланысы қызметтері төлемін уақытпен есептеу жүйесіне көшірілген негізгі телефон үшін 597,29 теңгеден (ҚҚС-сыз) 716,75 теңгеге (ҚҚС-сыз) дейін жоғарылайды.

Сонымен қатар телекоммуникацияның кейбір әмбебап қызметтеріне тарифтер қолданыстағы деңгейде сақталатын болады.


http://inform.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив