KZ
Өскемен
+26°
небольшая облачность жел 4 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Қарттарға қамқорлық айлығы өтуде

6.04.2012, 18:00 131



Сәуірдің үшінен бастап еліміз бойынша қарт адамдарға көмек пен қолдау көрсету мақсатында айлық жарияланып, оған қатысты түрлі шаралар басталып та кетті. Семей қаласындағы Галина Дүксімбаева басшылық жасайтын жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған өңірлік орталықта аталған шараға қатысты алғашқы жиын «Қазақстан халқының достығы» атты музыкалық композициядан бастау алды.

Орталықтың мәдени бөлмесіне жиналған жұртшылықпен бірге қарттар қуанышын бөлісуге «Нұр Отан» ХДП Семей филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Жігітбаева бастаған партия мүшелері мен белсенділері қатысты. Қарттарға қамқорлық жасап, жалғызілікті өмірлерін шуақты етуге бар күш-жігерін жұмсап жүрген Галина Қалиқызының айтуынша, акцияны өткізуге «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері ынта танытып, аға ұрпақ өкілдеріне қолдан келген көмектерін көрсетпек.

Атап айтқанда, үйлерінің маңын тазарту, үй шаруасына көмектесу тәрізді жәрдем жасамақ. Осы арқылы жастардың бойына отансүйгіштік пен үлкенді құрметтеуді сіңіру, жастарды қоғам өміріне араласуға баулу, мемлекеттік билік органдарының назарын қарттар мәселесіне аудару, ардагерлер өмірінің сапасын жақсарту тәрізді тәрбиелік мәні зор жұмыстар атқарылмақ. Осы мақсатта құрамына партия белсенділері, жасотаншылдар мен жастар ұйымдары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерінен, сондай-ақ, кәсіптік лицей оқушыларынан құралған бригадалар жасақталатын болды.

Осындай игілікті шараға үлкендер жағы жауап ретінде концерттік нөмірлер дайындап, елімізді мекендеген 130 ұлттың бірлігі мен ынтымағын паш еткен бағдарлама көрсетті. Әр ұлт өз тілінде Қазақстан деген ортақ үйдегі тыныштықтың тілеуін тілеген өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив