KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОБ
441.41 477.78 4.84

Қарттарға қамқор болып жүр

9.05.2012, 18:00 118


Аягөздегі жалғызілікті қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 160 жалғызілікті қарт есепте тұр. Олардың ішінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері, мүгедектер, қайтыс болған жауынгерлердің жесірлері, тылда еңбек еткендер, балалары жоқ қарттар және басқалары бар.

– Бөлім қызметкерлері 60 жалғызілікті қартқа от жағуға жәрдем көрсетіп, қыстық отын-суын үйіне түсіріп, кіргізіп берді. Киім-кешектерін жууға көмектесті, – дейді аумақтық әлеуметтік көмек көр-сету орталығының директоры Г.Тоқтаболатова.

Сонымен қатар бүгінде 160 қарттың үйі ағарты-лып, 40 қартқа тұрғын үй мен коммуналдық қызметтер ақысын төлеуге, құжаттар жинастыруға жәрдем көрсетілген. Үйден тыс жерлерде және оның ішінде дәрігерге барғанда ілесіп жүріп 38 қартты медици-налық тексеруден өткізуге жәрдемдескен.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив