KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Сенбілік тың серпінмен басталып кетті

5.04.2012, 18:00 177


Үржар ауданы әкімдігінде биылғы сенбілік шараларын өткізу жөнінде барлық мекемелер мен кәсіпорындардың, мектептердің басшылары қатысқан үл
кен жиын өтті.

Жиында аудан әкімі Б.Жанақов сенбілік мерзімі сәуір айынан бастап қарашаға дейін жалғасатындығын мәлім ете отырып, оған барлық мекемелерді бір кісідей жұмыла қатысуға шақырды. Әрбір тазаланатын жерлердің қайсысы қай мекемеге тиесілі екендігі анықталды.

Әкімдіктегі жиынның ертеңінде-ақ сенбілік басталды. Шараға мың жарымға тарта адам жұмылдырылып, он үштей әртүрлі техника шықты. Нәтижесінде 200 тоннадан астам қоқыс тазаланып, сыртқа шығарылды. Үржар ауылының тазарып, жеңілдеп қалғанын көрген жұрт қуанышты. Алдағы уақытта бұл игі бастамаға белсенді араласатындықтарын жеткізуде.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив