KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 1 м/с, С
474.26 514.48 5.43

Көне қобыз Батыстан Шығысқа өтті

2.04.2012, 18:00 208



XVIII ғасырдың екінші жартысында "Қара қамыс" базарының дәулетті бір байы қызының жасауына арнап сатып алып көне қобыз (шамамен 1860-70 жылдар) 1926-28 жылдар аралығында Ақтөбе облысының бұрынғы Табын, қазіргі Байғанин ауданының Шошқакөл, Шөптікөл деген жерлерін мекендеген Қабақбай деген ақсақалдың қолына тап болады.

Себебі, қуғынға ұшыраған байдың тұқымы көшіп бара жатып дүниесін сенімді бір адамға қалдырып кетпекші оймен сол Қабақбай ақсақалға қалдырады. Ол кісі 1932 жылы ашаршылық кезде қоныс аударып бара жатып бір қап (ұнға) бидайға ауыстырып Бақберген деген кісіге тастап кетеді. Осындай түрлі тарихы бар бұл қара қобыз Бақбергеннің немересі Жадырасынның шаңырағында сақталып келді.

-Ендігі кезекте сол қобызды не мақсатпен алып, оны жүзеге асырғаным жайлы да тоқтала кетсем,- дейді ақтөбелік Әділкерей Әуелбаев. - Семей қаласында қараша айы кезінде әйгілі балуан-бапкер Болат Тұрлыханов атындағы жыл сайын өтетін республикалық турнирді тамашалауға әрі балуандарымызға жанкүйер болып қайтуға келіп тұратын әдетім бар. 2011 жылғы турнирге де әдейілеп жолға шықтым.

Ақтөбе өңірінен арнайы ат терлетіп келіп жүрген атым бар ғой, турнир иесі Дәулет Болатұлына құр қол бармайын деп қайта жөндеуден өткен көне қобызды да ала шықтым. Семейге келіп, турнир өтіп жатқан спорт кешенінде талай мықты белдесулердің куәсі болдым. Арнайы әкелген сыйлығымды табыстайтын сәтте аспапты жай бере салмай, қобыз үнін баршаға естірте отырып табыстағанды жөн көрдім.

Қобыз тарту өз қолымнан келмейтіндіктен семейлік қобызшыларды іздеп, Хасан Атамбеков есімді қобызшымен келістім. Хасан бауырымыз да мықты орындаушы екен, қобызды зар күйіне келтіре тартқанда тыңдаған жұртты тәнті етті. Қобыз үні аяқталған сәтте қасиетті аспапты сонау Ақтөбеден Дәулет Болатұлына арнайы сыйлау үшін әкелгенімді айта келіп, халықтың ұлына айналған ағамызға табыстадым.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив