KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 6 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін

29.03.2012, 18:00 157


Шығыс Қазақстан, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында наурыздың 30-ы мен сәуірдің 2-і аралығында қар көшкіні жүруі ықтимал, деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып Алматы қаласы төтенше жағдайлар бойынша департаменттің баспасөз қызметі.

Күннің жылынуы мен қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты республиканың таулы аумақтарында қар көшкіні жүруі ықтимал. ТЖД қала тұрғындары мен туристерді таулы аумақтарға серуендеуден және саяхатқа шығудан бас тартуды сұрап отыр.

Төтенше жағдайлар болған немесе оның қаупі туындаған жағдайда Алматы қаласы бойынша ТЖД Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне 274 22 19, 101, 112, 109 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив