KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 2 м/с, З
479.71 533.77 5.16

«Сыбағадан» сыбағаңызды алыңыз

29.03.2012, 18:00 203


Сыбаға бағдарламасы бойынша 2011 жылы Аягөз ауданында 15 адам шағын несие алды. Былтыр Ақшатау, Сарыарқа, Мыңбұлақ, Өркен, Ақшәулі, Нарын ауылдық округтерінің шаруа қожалықтары 30 миллион 500 мың теңге мөлшерінде несие алып, оған 179 бас ірі қара сатып алды, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Биыл мал сатып алу үшін 276 миллион теңгеге 27 шаруа қожалығы өтініш берді. Бүгінгі күнге құжаттары даярланып, толық өткені – 12. Қалғандары құжаттарын жинақтап жатыр.

- Ауыл тұрғындарын қаржылай қолдауды мақсат еткен «Сыбаға» Бағдарламасы 2010 жылдан бастап енді, - дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Оразбек Кеңшіліков. - Мал басын көптеп өсіргісі келген, бірақ оған айналым қаражаты жетпейтіндерге несие алуға мүмкіндік беретін осы бағдарламаны пайдалануға болады. «Сыбаға» тек қана ірі қара малының басын көбейтуге, тұқымын асылдандыруға бағытталған. Бұл мекеме 1 миллионнан 18 миллионға дейін несие бере алады. Несие 7 жылға жылдық 6 пайыздық өсіммен беріледі. Бұл мерзімде – шаруа қожалығы шаруашылығын көтеруге едәуір мүмкіндік алады. Бұған қоса, 1 миллионға дейінгі шағын несие алуға болады. Бұл несие аз қамтамасыз етілген жанұяларға үш жылға 9,5 пайыздық өсіммен беріледі. Несиені алғаннан кейін бір жылдан кейін қайтарымын төлей бастайды.

Аудандағы ірі қара малының басын көбейту мен сапалық құрамын жақсартуға несие көп мүмкіндік беруде.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив