KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

«Ертiс» ӘКБ Курчатов қаласында оралмандар үшін жұмыс орындарын құруда

28.03.2012, 18:00 154


«Ертiс» ӘКБ «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру және тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету аясында Курчатов қаласының маңында ауылшаруашылық жерінің 2200 гектарын жалға алуды ресімдеп жатыр, бұл оралмандар үшін жаңа жұмыс орындарын құруға көмектеседі.

Бұл жерде жерді суару үшін ирригациялық жүйені салу жоспарланып отыр. Жердің аумағын учаскелерге бөліп, егін шаруашылығымен айналысу ұсынылған оралмандар арасында үлестіріледі. Бірлестікте сондай-ақ қажетті ауылшаруашылық техникасын сатып алуды жоспарлап отыр.

Бірлестіктен хабарлағандай, оралмандарға өздері өндірген ауылшаруашылық өнімдерін сатуда көмек көрсету үшін «Ертіс ӘКБ» АҚ облыстық тұрақтандыру қоры үшін жедел азық-түліктік қорды құру үшін өнімдерді сатып алуды жоспарлауда.

Бұдан басқа, жұмысты ұйымдастыру үшін «Ертіс ӘКБ» АҚ-ның басшылығы Курчатов қаласында «Нұрлы көш» қызметтік дайындау орталығын» құрып жатыр.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив