KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

«Нұрлы көш» сервистік дайындау орталығын құрмақ.

1.04.2012, 18:00 128



«Жұмыспен қамту - 2020» республикалық бағдарламасын іске асыру және жұмыссыз тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ Курчатов қаласы маңында 2200 га. ауыл шаруашылық жерін жалға беру құжаттарын рәсімдейді. Бұл өз кезегінде оралман ағайындарға жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бермек.

Аталған жерге суландырудың ирригациялық жүйесін орнату жоспарлануда. Бұл аумақ телімдерге бөлініп, жермен айналысуға ұсыныс білдірген оралмандарға берілетін болады. Сонымен қатар қажетті ауыл шаруашылық техникаларын алу да көзделуде.

Оралман ағайындарға қолдау көрсету бағытында олар өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ күзгі жиын-терінде сатып алып, облыстың тұрақтандыру қорын жасақтауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ басшылығы жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру мақсатында Курчатов қаласында «Нұрлы көш» сервистік дайындау орталығын құрмақ.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив