KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
440.92 475.36 4.82

Үржарда өз ісін ашуға шағын несие сұраушылар көбейді

13.08.2012, 18:00 122


«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша ауылды жерде кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін былтыр Үржар ауданына 55,5 млн. теңге шағын несие бөлінген болса, биыл 124 млн. теңге қаржы қарастырылып отыр.

Бөлінген қаражат былтырғы жылдан еселеп көбей-генімен, өз ісін ашуға немесе дамытуға шағын несие сұраушылар саны күн өткен сайын көбеюде. Осыған орай аудан әкімі Б.Жанақовтың тапсырмасына сәйкес облыстық тиісті басқармаларға қосымша қаражатқа сұраныс берілді.

Несие алуға тілек білдірушілерге мемлекет тарапынан кәсіпкерлік негіздері тегін оқытылады. Өскемендегі кәсіпкерлікті қолдаудың сервистік орталығының мамандары 27-30 шілде күндері біздің ауданға келіп, бухгалтерлік есеп және салық төлемдері, бизнес-жоспарлау, маркетинг және кәсіпкерлік құқықтарының негіздері бойынша сабақ өткізді. Оқуға шағын несие алуға тілек білдірушілермен қатар осыған дейін несие алған несие серіктестіктерінің төрағалары шақырылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив