KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Отыр енді Робинзон құсап...

26.03.2012, 18:00 168


Маралды өңірінің Алтай ауылында тұрып, ұзақ жылдар сол астықты аймақтың қырманын басқарған, қоғам мүлкін қызғыштай қорыған Уәли Сейілбайұлы тауып айтатын, қауып айтатын тілді адам болған.

Кеңшар тарап, қырман жабылған соң қырдағы шағын ғана Алтай ауылының тірлігінен сән кете бастайды. Оның үстіне қан қысымы мазалап болмаған Жәния шешей шалын ойдағы Маралдыға көшуге үгіттейді. Басында «Өлсем, осы арада өлемін» деп шорт кескен Уәли күнде ызыңдап қоймаған соң, ақыры бәйбішесінің ыңғайына көнуге мәжбүр болыпты. Сөйтіп, олар Маралды ауылының Күршім өзеніне таяу ойлау жерінен үй сатып алып, тұрып жатады. Бірде қалың жаңбыр жауып, күрт көтерілген өзен суы бүкіл көшеге жайылып, Уәлилер үйден шыға алмай қалыпты.
Алтайда мұндайды көрмеген Жәния шешей: «Ойбай, енді қайттік?» деп үрейленсе керек. Сонда Уәли:
– «Маралды, Маралды» деп қақылдап қалып едің. Ал отыр енді Робинзон Крузо құсап! – деген екен.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив