KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Өскеменде ағайынды Абдуллиндерді еске алу кеші өтеді

18.03.2012, 18:00 188


21-наурызда сағат 18.30-да «Үлбі» Орталық мәдениет үйінде Халық әртістері ағайынды Абдуллиндерді еске алу кеші өтеді. Кешке белгілі танымал өнер жұлдыздары Әлібек Дінішев пен Сағынай Абдуллин қатысады.

Концерттік кеште ағайынды Абдуллиндердің Айжан Маскенова мен Әсем Кимнің орындауындағы «Тербеледі тың дала», Естайдың орындауындағы «Хұсни Қорлан», ҚР Еңбек сіңірген әртісі Вячеслав Ткачтың орындауындағы «Хотел бы единое слово…», Эльмира Шпекбаеваның орындауындағы «Туған жер» әндері шырқалады.
Халық әртістері ағайынды Абдуллиндерді еске алу кешіне кіру тегін.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив