KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Ағайынды шекарашыларды еске алу турнирі

28.10.2013, 18:00 152


Күршімде жаңадан ашылған «Сарытау» стадионында былтыр қыста ұшақ апатынан қайтыс болған ағайынды шекарашылар Вячеслав пен Александр Рахмандарды еске алу құрметіне футболдан ауданаралық турнир өтті. Жарысқа әр ауданнан 4 команда қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аса тартысты өткен аяқдоп сайысында I орынға тігілген 120 мың теңге жүлдені №1 Күршім командасы қанжығасына байласа, II орынды еншілеген Өскемен қаласының командасы 80 мың теңгеге ие болды. Ал үшінші және төртінші орындардан көрінген №2 Күршім және Теректі командалары тиісінше 50 мың теңгеден ақшалай сыйлық алды. Бұдан басқа «Ең үздік ойыншы», «Ең үздік шабуылшы», «Ең үздік қорғаушы», «Ең үздік қақпашы» аталымдары бойынша сыйлықтар мен мадақтамалар табыс етілді.

Осы күні стадионда жәрмеңке ұйымдастырылып, ауылдық округтерден жеткізілген ауылшаруашылық өнімдері саудаланды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив