KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 2 м/с, З
450.79 482.21 5.05

Ағайынды Абдуллиндердің мұражайы ашылды

21.02.2012, 18:00 297


Өскемен қаласындағы ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжінде аталмыш тұлғаларға арналған шағын мұражай ашылды.

Мұражайдың тұсаукесер салтанатына облыстық білім басқармасының бастығы Мәдениет Ахметова, облыстық мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омар, облыстық филармонияның директоры Кенжеғали Мыржықбай және өнер өлкесінде жүрген бірқатар азаматтар келді.
Бұл мұражай шағын бөлмеге орналасса да, оған қойылған құнды дүниелер көрген адамның көзін сүріндіреді. Айталық, екі бөлімнен тұратын мұражайдың бірінші бөлігінде тенор дауысты әнші Мүсілім Абдуллин мен баритон дауысты әнші Ришат Абдуллинге қатысты дүниелер қойылған. Өскемен қаласының маңында дүниеге келіп, есейе келе Алматыға қоныс аударған, сол шаһарда ән әлемінің аспанында жарық жұлдызға айналған қос жерлесіміздің көзіндей болған құнды жәдігерлермен мұражай әлі де толықтырыла беретінін айтады аталмыш оқу орнының директоры Альмира Дүсіпова.
Әйгілі қос бұлбұлға арналған мұражайдың
ашылуына Абдуллиндердің бүгінгі ізбасары, яғни, Ришаттың немересі Карина Абдуллинаның қосқан үлесі зор көрінеді. Ол салтанатқа келуге үлгерме-генін айта келіп, аталары үшін елеулі еңбек етіп жатқандарға сол күні рақметін айтып, телефон соққан екен.
Ал жаңа бөлменің екінші бөлігінде басқа да өнер жолында жүрген, шұрайлы Шығыс топырағынан нәр алған әнші, композитор жерлестерімізге қатысты кітап, журналдар, сондай-ақ, естелік бұйымдары қойылған.
Білім саласында өнерге көп көңіл бөлінбей жататынын тілге тиек еткен Мәдениет Ахметова бұдан былай мұндай шараларды жиірек қолға алатындарын айтса, Кенжеғали Мыржықбай:
– Мен осы мұражайда суреттері мен сөздері тұрған өнер иелерінің көбімен сахнада бірге болғанмын. Сондықтан олардың барлығы да маған ыстық, – деп тебіреніп, өзінің орындауындағы үн таспаларды жаңа мұражайға ұсынды.
Өнер ошағындағы шара қашан кәдесіз болушы еді? Кілең таланттар ордасының бетке ұстар әншілері асқақтата ән шырқады. Ол әндердің өнер сүйген жүректерге жол тапқанын біз келген қонақтардың қосыла шырқап тұрғанынан байқадық.
Айта кетер бір жаңалық, бұл – ағайынды әншілерге аталған оқу орнының соңғы құрметі емес, бұйырса, олар келесі айда Абдуллиндердің құрметіне дүркіретіп кеш өткізбек.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив