KZ
Өскемен
+6°
пасмурно Штиль
479.05 534.57 5.17

Жат жұртта көз жұмған қазақ қызының баласы елге әкелінетін болды

18.03.2012, 18:00 168


Австралиядағы Бризбен қаласында азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапқан қазақ қызы Сағынай Батырханованың баласы Қазақстанға әкелінетін болды. Аталған қаланың соты бүгін осындай шешім шығарған.

Мұны Сағынайдың туысқан ағасы Айбек Батырханов хабарлады. «Бүгін маған Сағынайдың әкесі телефон соғып, бала бізге берілетін боп шешілгенін айтты. Енді алып келеді. Тек құжаттарын реттеп алуы керек» дейді ол. Бірақ олардың дәл қай кезде келетіні белгісіз.

С.Батырханованың әкесі Серік пен анасы Сәнияның баланы алу мәселесімен Бризбенде жүргендеріне 2 айдай уақыт болды. Олардың сол елде жүріп-тұруы үшін Гриффит университетінен көмек ретінде ақша бөлінді. Бұл мақсатқа жергілікті банктен арнайы шот ашылды. Дипломаттар марқұмның әке-шешесіне қолдау көрсетіп отырды.

Алғашқыда балаға қатысты сот ақпанның ортасында өтеді делінген еді. Кейін 23 ақпанға белгіленгені айтылды да, сосын наурыз айына қалдырылды.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы қазан айының басында «Болашақ» бағдарламасы бойынша Австралиядағы Гриффит университетінде білім алып жүрген 22 жастағы Сағынай Батырханованы өзінің азаматтық некедегі күйеуі пышақтап өлтірген еді. Ол туған жері – Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында жерленді. Ол кезде баласы Мануэль 3 айлық болатын.

Ал өлтірген азаматқа қатысты тергеу амалдары әлі күнге дейін жалғасуда. Бұдан бұрынырақ Айбек Батырханов: «Оның қандай жазаға кесілетіні біз үшін белгісіз. Өйткені Австралия заңдары мүлдем басқаша, яғни оларда кісі өлтіргені үшін біздегідей нақты бір жылдарды белгілемеген. Нақты қандай жаза болатынын білу үшін Ағылшын-саксон құқықтық жүйесімен танысу керек» деген болатын.

1tv.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив