KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1,6 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Кісі қолынан қаза тапқан қазақстандық студенттің баласын австралиядан қайтаруды сот қарайды

8.02.2012, 18:00 185


Австралия соты шағымды ақпан айының ортасында қарайды. Қаза болған қазақстандық студенттің туыстары оның кішкене ұлымен кездесу құқығына ие болды.

Австралияда ақпан айының ортасында Брисбенде өлтірілген қазақстандық студент Сағынай Батырханованың ұлының болашақ тағдырын шешетін сот процесі басталады.

«Алғашқы сот процесі Брисбенде биылғы ақпанның ортасында өтеді. Марқұмның отбасы осы сот процесіне қатысуды жоспарлап отыр», - дейді еліміздің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев.

Оның айтуынша, Батырханованың туыстары оның кішкене ұлымен кездесуге рұқсат алған. Олар Австралияда отандастарының отбасында тұрып жатыр.

«Туысқандары балалардың құқын қорғау ұйымының өкілдерімен кездесіп, немерелерімен аптасына 2-3 рет кездесуге рұхсат алды, - дейді Абибуллаев.

«Біз өз тарапымыздан материалдық көмек ретінде қаражат аударуға болатын банк шотын ашуға көмек көрсеттік. Батырханованың отбасы қорғаушыға барлық қажетті құжатарды өткізді», - деді сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Гриффит университетінің бірінші курсында оқып жүрген 22 жастағы Батырханованың денесі былтырғы бірінші қазанда Австралиядағы Брисбен қаласында табылғаны белгілі.

Кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған марқұмның азаматтық некедегі жұбайы, таиландтық азамат қылмысын мойындап отыр.

Сағынай Батырханованың туыстары оның баласы Мануэльді Қазақстанға қайтаруға билік өкілдерінің көмек көрсетулерін сұрады. Бүгінде бүлдіршін Австралиядағы асырап алған отбасында.

Интерфакс-Казахстан




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив