KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

«Жас отау» неке сарайы мен «Алматы ақшамы» газетінің бірлескен жобасымен неке қию салтанаты өтеді

15.03.2012, 18:00 157


Ұлыстың ұлы күні қарсаңында, 17 наурызда Алматыдағы «Жас отау» неке сарайы мен «Алматы ақшамы» газетінің бірлескен жобасы негізінде неке қию рәсімі өтеді.

Неке қию - әр халықтың ең қастерлі мерекелерінің бірі. Соның ішінде, қазақ халқында көктем шығып, көкмайса өсіп, жер аяғы кеңігенде жастар шаңырақ көтеретін ертедегі дәстүр бар. Қазақтың ұлттық мерекелерін, отбасылық қуаныштарын Наурыз мерекесімен орайлас атап өту бүгінде ұлт жадынан ұмыт бола бастады.

Осы көне, озық дәстүрлерді жаңғырту мақсатында «Жас отау» неке сарайының әкімшілігі «Алматы ақшамы» газетінің қызметкерлері, жас тілшілер Думан Анаш пен Әйгерім Сауытбектің неке қию рәсімін ұлттық дәстүрлер негізінде салтанатты түрде атап өтуді ұйғарып отыр.

Аталған іс-шарада «Жар-жар», Абайдың «Көзімнің қарасы», «Аққу», «Көңілашар» күйлері, әженің жастарды тіл мен көзден аластауы, Жер-Анаға, От-анаға тәу етуі, Қыдыр атаның ақ батасын арнауы сияқты театрландырылған көріністер қойылады. Сонымен қатар, ұлттық дәм - бауырсақ пен Наурыз көжеден, шұбаттан дастархан мәзірі жасалады.

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» дегендей, ең бастысы, қос жұп Неке сарайының ауласындағы махаббат аллеясына жас шыбық отырғызады.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив