KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Семейде фортепиано мен вокалды музыка кеші өтті

14.03.2012, 18:00 112


«Семейде Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрында фортепиано мен вокалды музыка кеші өтті»,- деп хабарлайды Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Семей жұртшылығы алдында классикалық өнердің майталмандары, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, пианист Тимур Орманшеев пен Абай атындағы опера және балет театрының солисі, халықаралық байқаулардың жүлдегері Медет Шотабаев өнер көрсетті. Бұл концерт «Ғасырлар тоғысы» деп аталатын қайырымдылық мәдениет жобасының бастауы болып отыр. Жоба аясында еліміздің Семей, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Алматы сияқты қалаларында Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлеріне, сондай-ақ музыкалық оқу орындарының студенттері мен музыка әуесқойларына тегін классикалық музыка концерттері беріледі. Өнер сүйер қауым, Тимур Орманшеев пен Медет Шотабаевтардың орындаған шығармаларын ыстық ықыласпен қабылдап, қошеметтерін аямады.

Бір айта кетерлігі, аталмыш концерттер өтетін барлық шаһарларда қалалық ардагерлер кеңесіне қайтарымсыз жәрдем үлестіріледі.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив