KZ
Өскемен
+6°
пасмурно Штиль
479.05 534.57 5.17

Екі түсті ғажап алма

13.03.2012, 18:00 132


Ұлыбритания тұрғыны Донна Вуд дүкенге барып, бала-шағасына жеміс-жидек алмақшы болады. Үйіне келіп, балаларына сатып алған алмалардың арасынан ерекше біреуін тауып алған әйел аң-таң. Олардың арасынан жарты бөлігі қызыл, екінші жағы жасыл алма тапқан. Екі түсті алманы қақ ортасынан қосқандай, екі түстің қосылған жері түп түзу.

Сарапшылардың айтуынша, бұл – табиғатта өте сирек кездесетін жағдай. Олар бұл генетикалық ауытқу ауа райының қолайсыз жағдайынан, жәндіктердің жеміске келтірген зиянды әсерінен де пайда болуы мүмкін дейді. Қақ ортасынан екі түске боялған алма табиғатта миллион жағдайдың біреуінде ғана кездеседі. Міне, табиғаттың ғажап күші деп осыны айт.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив