KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 4 м/с, СШ
479.05 534.57 5.17

Үкіметтік емес ұйымдардың үлесі үлкен

11.03.2012, 18:00 195


Өскемен қаласындағы Достық үйінде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл және үкіметтік емес ұйымдар» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Оған үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың және мекемелер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға азаматтық қоғам орнатудың негізгі көзі болып табылатын үкіметтік емес ұйымдарды жұмылдырудың тетігін жетілдіруді мақсат тұтқан келелі басқосудың кіріспесінде облыстық мемле-кеттік тілді оқыту орталығының директоры Бақыт Ағажаева бүгінгі күні облысымызда 569 үкіметтік емес ұйым жұмыс жасап отырғанына, олардың тілдерді дамыту мен қол-данудың 2011 – 2020 жылдарға арналған жаңа бағдар-ламасын жүзеге асыруға зор үлес қоса алатынына тоқтал-ды. Сөйтіп, дөңгелек үстелге қатысушыларды өздерінің нақты пікір-ұсыныстарын ортаға салуға шақырды.
Басқосуда сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Ирина Смит жаңа бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында басқарма тарапынан атқарылып жатқан шараларға тоқтала келіп, «Алтын арқау», «Ұлағат», «Салауат», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты үкіметтік емес ұйымдардың осы салада да игілікті істер атқарып жүргенін тілге тиек етті.
Жиында сондай-ақ, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиа-лының «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Станислав Каримовтың, «Шығыс Қазақстан облысының азаматтық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Мунира Абулованың, «Алтын арқау» қоғамдық бірлестігінің директоры Сағынбек Ақановтың, «Парасатты жастар» лигасы директорының сөздері жалпылама ұрандау емес, нақты, нәтижелі іс-шаралар ұйымдастыру, насихат жұмыстарына белсенді атсалысу, мемлекеттік ұйымдар тарапынан қолдау көрсету сияқты өзекті мәселелерге тоқайласты.
Отырысқа қатысушылар мемлекеттік тіл саясатын насихаттауда үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін арттыру, қазақ тілін күнделікті кәсіби қарым-қатынас тіліне айналдыру арқылы мемлекеттік тілдің беделді бейнесін жетілдіру және осы мақсатты жүзеге асырудағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі мен орнын анықтау сияқты нақты ұсынымдар қабылдады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив