KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность Штиль
481.19 538.45 5.18

Қазақ күресінен Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» бұқаралық жарысы өтеді

10.03.2012, 18:00 203


Елімізде Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» бұқаралық жарысы өтеді.

Аталмыш жарыстың бас демеушісі - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы. Жобаның мақсаты - қазақстандық балуандардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, төл спортымыздың өрісін кеңейту, ұлттық дәстүрді жаңғырту арқылы өскелең ұрпақтың бойында Отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, қазақ күресінің Олимпиада ойындары бағдарламасына енуіне ықпал ету болып табылады.


Жоба шеңберінде Астана мен Алматы қалаларында облыстар мен іріктеу жарыстары өтеді. Іріктеу сайыстарының жеңімпаздары ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Астанада «Қазақстан барысы» атағы үшін боз кілемге шығады. Балуандар белдесуі «Күш атасын танымас» қағидасы бойынша өтеді. Яғни, уақыт пен салмаққа шек қойылмайды. Бас жүлде - Тайтұяқ пен Алтын белбеу. Жеңімпаз, сондай-ақ 150 мың АҚШ долларын қанжығаға байлайды. Екінші, үшінші орын алғандар күміс және қола белбеу тағып, қомақты қаржылай сыйлықтарды иемденеді. Жарыс барысында ұлттық фольклорлық-этнографиялық сипаттағы концерттік бағдарлама да ұсынылады.


Жобаның дүниеге келуіне мұрындық болған «КТК» телеарнасы. Жарысты ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Спорт және денешынықтыру істері агенттігі, Қызылорда облыстық әкімдігі,«Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоғамдық қоры, Қазақстан Республикасының Қазақ күресі федерациясы.


Жобаның ұйымдастырылуы жөнінде ертең, 12 наурызда Астанадағы «Дипломат» қонақ үйінде арнайы баспасөз маслихаты өтеді.

ktk.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив