KZ
Өскемен
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Жарма ауданындағы сиырдың құтыру диагнозы расталды

1.03.2012, 18:00 174


Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы ірі қара малдың құтыру дертіне шалдыққаны туралы 1 оқиға расталды, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.


«Жарма ауданы Делбегетей ауылдық округі аумағында 1 ірі қара малдың қауіпті дертке шалдығу оқиғасы анықталды. «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМҚК Семей аймақтық филиалында сиыр миына зерттеу жасалып, қорытынды шығарылды: «құтыру» болжамдық диагнозы расталды», - делінген хабарламада.

«Дерт шыққан жерде эпидемиялық және эпизоотикалық қарсы шаралар басталды. Малды баққан 5 адам оқшауланып, егілуде. Сондай-ақ 92 бас ІҚМ мен 37 жылқы оқшауланды. Дерт жұққан орында дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр», - деді Жарма аудандық ТЖБ бастығы Төлеген Ахметкәрімов.

Оқиға орнына барлық шұғыл әрекет ету қызметтері жұмылдырылды. Санитарлық нормаға сәйкес, дерт табылған сиырдың көзі жойылды.

Мәлiметтiң көзi: Bnews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив