KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
476.27 515.47 5.41

Сезімнің аппақ гүлі бүр жарып тұр еді...

29.02.2012, 18:00 220


Жұмыс кабинетіне бастығы бас сұққан. Онымен бірге әдеміше келген қараторы қыз да қоса еріп кірді.
– Ереке, мына қарындасыңмен танысып қой. Бізге келіп жатқан жаңа қызметкер. Есімі – Гүлназ, – деген бастығы. – Осы жерге өзіңіздің қасыңызға жайғасса деп едім. Қарсы болмассыз.
Не десін, бұл жер оның меншікке сатып алған жері емес қой. Еріксіз басын изеген. Десе де, бір кабинетті өзі жайлап-төстеп үйреніп қалған басы жаңа келген қызметкер қызды іштей жақтырмағаны рас.
– Ағай, – деген Гүлназ. – Мына кабинеттің есік-терезесін ашып, жақсылап желдетіп алсақ қайтеді. Әйтпесе темекінің иісі сіңіп алыпты...
Шынында да бөлменің ауасы кәдімгідей тазарып қалды. Кабинетте керексіз заттар да көп екен. Қыздың аты қашан да қыз ғой, шіркін! Әйел баласының қолы тиген жердің бәрінің жұмаққа айналып жүре беретіні несі екен. Қарашы, мына бөлме енді ғана жұмыс бөлмесіне ұқсап қалды ғой. Ерғали өзінің салақтығына бір түрлі ұялып та кетті. Бір күні қабырғада шағын ғана төртбұрышты айна пайда болды. Түскі үзіліске шығып бара жатып, сол айнаға қараған. Масқара, түрі не болып кеткен! Шашын да алдыртпағалы біраз болыпты ғой. Гүлназдан ұят болғаны­-ай... Жұмыстан соң Ерғали бірден шаштаразға тартқан.
Ертесінде Гүлназ:
– Ағай, әдемі болып кетіпсіз, – деп жымиған.
– Рақмет!
Әйел заты бәрін де байқап қояды екен-ау деп ойлады іш-тей. Мына қыз сондай сезімтал,
ерекше... Ерғали Гүлназға ұзақ қарап қалғанын өзі де байқа-мады. Жұбайы аяқ астынан жол апатынан қайтыс болғаннан соң, әйел атаулының бар екенін де есінен шығарып алғандай еді бұл. Қарашы, мына қыз сүй-
кімді қылығымен мұның қаты-гезденіп кеткен жүрегін қытық-тайды келіп енді... Бірақ Гүлназ әлі жас қой. Мұны менсінбейтін шығар...
– Ағай, не ойлап кеттіңіз?
– Жәй...
Жүрегінің қатты-қатты дүр-сілдеп кеткенін сезді біртүрлі. Қызарған жүзін қыздан ала қа-шып терезеден сыртқа қараған. Далада ызғарлы қыс. Ал мұның жүрегінде сезімнің аппақ гүлі бүр жарып тұр еді...

Мейрамтай Иманғали




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив