KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Жылы ошағын аңсайды

20.02.2012, 18:00 166


– Апа, сіз әлі жатырсыз ба? Әлде бір жеріңіз ауыра ма?
Медбике қыз қасына тағы да келді. Мың болғыр өзі жақсы бала. Басқа медбикелер секілді орысша шүлдірлемей-ді, таза қазақша сөйлейді. Келген сайын мұның қан қысымын өлшеп, әуре болып жатқаны.
– Әй, қызым-ай, менің еш-қандай жерім ауырмайды.
– Онда неге төсекте жата бересіз. Тұрып, кішкене жүрі-ңіз... Әлі-ақ бұл жерге үйреніп кетесіз.

Бұл жолы медбике қыз қой-маған соң, таяғына сүйеніп дәлізге шықты. Ұзын дәлізден әлдебір салқындықтың лебі есіп тұрғандай ма, қалай. Әйтеуір көзіне жат көрінеді де тұрады бұл жер. «Қарттар үйі» деп аталатын осынау жерді мекендегеніне жарты жылдың жүзі болса да, жатсынатыны несі екен. Құдай-ау, өзіңнің ошағыңа не жетсін! Сол қасиетті ошақтың отын өшіріп, қалаға келіп несі бар еді десеңші, мұның. Әй, алжыған басым-ай... Не де болса, тапжылмауым керек еді. Жалғыз ұлға сенемін деп, қартайғанда жар басында қалды сопайып. Орыстан әйел алған жалғыз ұлы қыруар малға алған баспананы сатып, мұны қаңғыртып, әйелінің соңынан Ресейге кетті де қалды. Ұл тумаған екен, құл туыпты. Кәрі жүрегінің бір сәт алқына соғып кеткені. Десе де ешкімге де өкпесі жоқ. Бәріне өзі кінәлі. Жалғыз ұлына дұрыстап қазақы тәрбие бере алмады. Орысша оқығандардың бәрі қатарынан озып кететіндей, жалғызды жастай қалаға жіберіп, интернатқа тұрғызып, орысша оқытқан да өзі ғой. Ен-ді кім дейсің? Ана құшағынан жырақта жатбауыр боп өскен бала кімді жарылқаушы еді, құдай-ау. «Не ексең, соны орасың» деген де осы емес пе? Енді, міне, кәпір келінмен қол ұстасып кетті де қалды жат елге. Анам қалып барады-ау деп артына бұрылып та қарамады. Үкіметке рақмет, далаға тастаған жоқ. Тегін тамақ, тегін төсек, тегін дәрі-дәрмек...
Байқағаны, мұндағылар-дың көпшілігі осынау «қарт-
тар үйіне» келіп жайғасқан-дарына шексіз риза секілді. Бірақ мұның көңілі еш тыным табар емес. Алыста қалған ау-
ылдағы жылы ошағын аңсай-ды... Ағайын-туғанның ара-сындағы қоңыр ғана тіршілігін сағынады. «Мен сенен безейін деген жоқ едім ғой, туған жер. Кешірші мені, кешірші...». Ол ұзын дәліз бойымен өзімен-өзі күбірлеп келе жатты...

Мейрамтай Иманғали




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив