KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

Ақсулық шенеунік жалға берілетін пәтерді 220 мыңға ұсынды

28.02.2012, 18:00 144


220 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Ақсу қалалық қаржы бөлімінің бас маманы ұсталды.
Бұл туралы Павлодар облысы бойынша қаржы полициясының баспасөз қызметінен мәлім етті.

Бұл ақша болашақта жекешелендіріп алу мақсатымен иесіз пәтерді жалға алу жөніндегі тиісті құжаттарды ресімдеу қызметі үшін ақы болатын. Параны беру кезінде делдал шенеуніктің әріптесі - Ақсу қалалық ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы болды. Өзінің делдалдық қызметін ол 80 мың теңгеге бағалаған.

Пара алу және делдалдық фактісі бойынша қаржы полициясы қылмыстық істер қозғады.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив