KZ
Өскемен
+28°
небольшая облачность жел 4 м/с, ОБ
471.46 504.79 5.53

Аягөзде өрт сөндірушілер науқас қартты құтқарды

28.02.2012, 18:00 181


Жуырда Аягөзде өрт сөндірушілер жалынға оранған пәтерден ауыр халдегі қартты алып шықты.

75 жастағы науқас көмірқышқыл газына уланып, диванда ес-түссіз жатқан. Ол аудандық ауруханаға жеткізілді.
Бес қабатты үйдің бірінші қабатындағы 2 бөлмелі пәтерде болған өрттің салдарынан барлығы 20 адам қауіпсіз аумаққа шығарылды.

Кейін анықталғандай, пәтерде бір конфорлы электр пеші табылды. Қарт оны жылытқыш ретінде пайдаланған. ТЖД-ның пайымынша, өрттің шығуының себебі осы пеш болған.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив