KZ
Өскемен
+29°
переменная облачность жел 3 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Тарханка ауылында үш адам иістен уланып, қайтыс болды

8.12.2017, 04:43 150

Тарханка ауылында соңғы күндері газдан улану жиілеп кетті. 88 жастағы қария мен оның 54 жастағы қызы екеуі бірдей газдан уланып, көз жұмды. Туысқандар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандықтан, осындай қайғылы оқиға орын алғанын айтады өрт инспекторлары. Пештің астыңғы қалқаншасы жабық болғандықтан, улы газ далаға шықпай, үй ішіне жайылған.


Осыдан бірнеше күн бұрын тарханкалықтар тағы бір сұмдық өртті көрген еді. Онда 80-ге келген қария жанып жатқан оттың ішінен мүгедек қызын алып шықты. Қызыл жалынмен жанталас кезінде қарттың денесінің 50%-ы күйіп қалған.


Алғашында қатты шошынған зейнеткер денесінің күйігін елемей, ауруханадан бас тартыпты. Тіпті есінен де танбаған, өрттің неден шығуы мүмкін екенін болжап, айтып та үлгерген. Алайда өртке қарсы қызмет мамандары ол кісіні жедел көмектің көлігімен стационарға жатқызды. Ал кеше егде адам Өскемен қаласындағы №1 қалалық ауруханада қайтыс болды. 50 жастағы мүмкіндігі шектеулі қызы да иіс тигендіктен Глубокое аудандық ауруханасында жатыр. Зардап шегуші өздігінен қозғала алмайды, сөйлемейді де.



-Енді Светлананың жағдайы не болар екен? Оның бар жанашыры, панасы әкесі еді. Әйелі қайтыс болғаннан кейін қызын тиісті орындар алып кетпек болғанда, қария бермеп еді, - деп жыламсырайды алыс туысқаны Лида. - Соңғы күнге дейін өзі күтті. Тамағын да істейді, соған күтім жасады. Тіпті екі сиыр мен тауықтарын асырады. 80 жаста осыған шамасы келген мықты қарт еді! Мейірімді, жақсы адам болатын... Осыдан бір апта бұрын пеші түтіндеп жүргенін айтқан, жазғы үйінің сымдарында да ақау болған.


Қазір өрттің шығу себебі ретінде екі болжам қарастырылып жатыр: пешті салған кезде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған немесе электр құралдарын орнату мен пайдалануда да өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған. Бүгін ШҚО бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің инспекторлары Тарханка ауылына келіп, жергілікті тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар пешті дұрыс пайдалану жөнінде кеңестерін берді. Ауылдастардың барлығы дерлік мерт болғандарды танығандықтан, олар өте қобалжулы болды.



-Өте аянышты әрі қорқынышты! Біз пешімізді жоқ дегенде жылына бір рет тазалауға тырысамыз. Қайтыс болған Галинаны танитынмын, бір кездері бірге жұмыс істегенбіз. Оның әкесін де танитынмын. Иіс тиіп, қайтыс болу қорқынышты! Мүгедек қызы бар қартты да танимын, көрші тұрдық. Өте қайырымды, жақсы адам еді, - дейді көршілердің бірі.


ШҚО бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындардан пеш жағу маусымы кезінде абай болуды, пештің жарылған жерлерін бітеп, сылау қажеттігін, мұржаны үнемі тазалап, таза ұстауды, қалқаншасын ешқашан жаппауды, электр бұйымдарын пайдаланған кезде де абай болуды ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив