KZ
Өскемен
+27°
ясно жел 3 м/с, Ю
471.46 504.79 5.53

Ұйқысыздық өмірді қысқартады

27.02.2012, 18:00 146


Рокфеллер университетінің (АҚШ) ғалымдары ұйқысыздық генін тапты.
Жеміс шіркейлеріне жүргізілген тәжірибе генді мутация ұйқыны үштен екіге қысқартып, өмірді едәуір қысқартатынын көрсетті, деп жазады The Daily Mail.

Бұған дейінгі жүргізілген зерттеулер ер адамдар ұйқының үнемі жеткіліксіздігінен, оның үстіне қан қысымы жоғары және диабет сырқаты болса, ерте көз жұматынын көрсетті. Жаңа жұмысында авторлар шіркейлер мен адамдар арасына ешқандай байланыс болмаса да, олардың ұйқы мен сергектігі механизмі ұқсас екенін келтіреді.

«Ұйқы барлық жануарлардың мінез-құлқының іргелі негізі болып табылады, бірақ та ғылыми тұрғыда ол әзірге толық зерттелмеген. Бұл жұмыс біздің ұйқы үдерісінің молекулярлық деңгейде қалай бақыланатынын түсінуге жақындай түсуге мүмкіндік берді, бұл ұйқы бұзылуын емдеуде пайдалы болмақ», - деп түсінік берді доктор Николас Ставропулос.

Ғалымдар шамамен 20 мың жеміс шіркейлерінің ұйқысыздық генін талдады. Соның нәтижесінде ұйқыны бақылайтын жаңа механизмді тапты. Шіркейлердің ұйқтағанын анықтау үшін инфрақызыл жабдықты пайдалана отырып, олар ұйқысыздыққа ұшыраған жәндіктер орташа күніне 317 минут, ал басқалары 927 минут ұйықтайтынын анықтады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив