KZ
Өскемен
+29°
переменная облачность жел 3 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Баланың түскі ұйқысы маңызды

4.02.2018, 04:15 251

Мамандар балалардың түстен кейін ұйықтағаны денсаулықтарына өте пайдалы екенін айтады. Олардың айтуынша, ұйқы мидың жұмысын жақсартады. Соған сәйкес жас балалардың оқу үлгерімі де жақсы болады. Түскі ұйқы, әсіресе 3-5 жастағы бүлдіршіндердің есте сақтау қабілетін арттырады. Балалардың түсте тынығуының басқа да пайдалары жөнінде «Күршім ауылының  балалар бақшасы» «Ақбота» тобының тәрбиешісі А.Ерменова пікір айтып, тәжірибесімен бөлісті.


- Біздің балабақшаның балалары түскі тамақтарын ішкен соң,  арнайы киімдерін киіп, жайлы да тыныш ұйықтауларына әсер ететін көрнекіліктермен әсемделген ұйықтау бөлмесіне барады. Тыныштандыратын әуен қосылып, балалардың тәтті ұйқы құшағына енулеріне жағдай жасаймыз. Тәрбиешілер де күн аралатып «Қуырмаш», «Әлди, әлди» сияқты әндерді айтып, бүлдіршіндердің алаңсыз ұйқыға енулерін бақылаймыз.


Балабақшамызда балалардың ұйқысына ерекше жауаптылықпен қарауы тегін емес. Түскі ұйқының пайдасы дәлелденген. Ұйқы еске түсіру және алған біліміңді есте сақтап қалу үшін маңызды. Күндіз бір сағат ұйықтаған балалар ұйықтамаған топқа қарағанда ақпаратты 10%-ға артық еске түсіреді. болған. Міне, бала дамуында ұйқының пайдасы қаншалықты зор екендігін аңғаруға болады,-дейді тәрбиеші.


- Балаларды оятқан кезде де әуен қосамыз. Сергектік жаттығуларын жасатып, массажды жолақ, тұзды суға салынған дым орамал бастырамыз. Бұл балдырғандардың ұйқысын ашып қана қоймай, майтабандыққа қарсы әдіс-тәсілдер болып табылады. Сондай-ақ, күннің суық кездерінде тұмаудың алдын алу үшін балаларға мұрын, құлақ, мойындарына, бір-бірлерінің арқаларына массаж жасаттырамыз. Мысалы, олар тізіліп отырып бірде олар арқаларын «жел» болып сипаласа, бірде саусақтарымен «жаңбыр» болып түрткілейді,-деп тәжірибелі маман балалардың түскі тынығуының пайдалы жақтарын таратып айтты.

Әр баланың дені сау, бақытты болып өсуі ата-анасының қолында. Ұрпағыңыздың тәрбиесі мен денсаулығына мән беріп, уақтылы тынығып, дұрыс тамақтануын әрдайым қадағалап жүріңіздер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив