KZ
Өскемен
+29°
переменная облачность жел 3 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Ұйқы – күш-қайраттың қайнар көзі

16.02.2012, 18:00 176


– Соңғы кездері ұйқым қашып, мазасызданып жүрмін. Ұйқысыздықтан дәрі-дәрмексіз құтылудың жолы бар ма?

Маржан Айымбетқызы

– Адам баласы өзінің бүкіл ғұмырының үштен бірін ұйқымен өткізеді. Күндізгі көп қам-қарекеттен соң ұйықтап дем алудың маңызы зор. Адам баласы екі ай тамақтанбай аш жүре алғанымен, екі аптадан артық ұйқысыз өмір сүре алмайды. Сол себепті, ересектер күніне 7-8 сағат, сәбилер мен балалар 9-10 сағаттай ұйықтауы тиіс. Ұйқысыздық салдарынан ең алдымен көз ауырып, бұлдырайды. Егер бұл белгілер созылмалы дертке айналса, адам глаукома ауруына ұшырайды.
Ұйқысыздық негізінен ұзақ уақыт эмоциялық күш жұмсаудан, қажып-шаршаудан болады. Ұйқысыздыққа көбінесе әйел адамдар шалдығады. Өйткені олар отбасы тірлігіне ерекше алаңдайды. Қалыптан тыс көп ақпарат алатын ой еңбегі адамдарының ұйқысы да жиі бұзылады. Ұйқысыздық шаршатқанда оны жеңетін құрал – дәрі-дәрмек емес, адамның өз күш-жігері мен ақылы. Сондықтан бірден ұйықтататын дәрі ішкеннен гөрі жатар алдында темекі шегу, шай, кофе, кола ішу сияқты зиянды әдеттерден арылу керек. Олардың құрамындағы никотин мен кофеиннің салдарынан ұйқы қашады. Терезені ашып, бөлмені желдетіп алған жөн. Ұйықтар алдында қайта-қайта сағатқа қарау, ұялы телефонды пайдалану, теледидар көру, компьютерде ойын ойнаудың қажеті жоқ. Ең дұрысы бір жапырақ ақ нан немесе тоқаш жеп, бір стакан сүт ішу керек. Оның құрамындағы пайдалы заттар жүйке жүйесін тыныштандырып, ағзаны ұйқыға дайындайды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив